Бүгін  - Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен өткізеді. Біздің де мекемемізде  осы мерекені атап өтуге əріптестеріміз жиналды.  Əнұран айтылып, Елтаңба,Ту туралы мəлімет өқылды. Мекеме  басшылары мерекемен құттықтап Елімізге тыңыштық ,   бейбіт өмір тіледі.