Бүгін "Шарапат" əлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары, Бурабай демалыс кешеніне 1 күндік демалысқа шықты. Бурабай демалыс орынының керемет, ғажайып табиғатымен  танысып, Қазақ елінің үш жүздің басын қосқан "Абылай хан" алаңының аясында серуендеді. Көкшетау көлінің керемет көрінісі көзді жаулады. Таза ауада серуендеп бойларын жазды. Орталық қызмет алушылары ұйымдастырушыларға ризашылықтарың білдірді.