"Қарттар күні" және "Әлеуметтік қызметкерлер күні" мерекесіне арналған "Шарапат шақырады" атты концерттік бағдарламасы өтті. Осы салтанатты жиынға Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары  Дауленов Абдрахман Ануарбайұлы және  Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басышысы Нұрғожина Сауле Ордабайқызы келіп, біздің қызмет алушыларымыз бен әлеуметтік қызметкерлерімізді мерекелерімен құттықтады.

Концерттік бағдарлама аясында орталық директоры Баймағамбетова Рысты Жағапарқызы осы орталықта белсенді  қызметкерлеріне және орталық дамуына белсенді ат салысқаны  үшін қызмет алушыларды Алғыс хатпен марапаттады. Орталығымыздың қонақтары Қарақат Әбілдина мен Ринат Мальцагов, және Хореография академиясының  түлектері келіп өнерлерімен тәнті етті. Хореография академиясының  жас буын өнер иелеріне алғысымызды білдіреміз!