1наурыз - Алғыс айту күніне байланысты Шарапат орталығындағы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне "Ерлікке тағзым" атты  салтанатты іс-шарамен ҚР Қарулы күштерінің Әуе Қорғанысы  47762 және 29990 әскери бөлімдері келіп, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар әскери бөліммен бірге Нұр -Сұлтан қаласының 68 мектеп-гимназия оқушылары өнер көрсетті. Іс-шараны 47762 ә/б майоры Жасұлан Иманғалиұлы құттықтау сөзбен ашты. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне гүл шоқтары және арнайы сыйлықтар тарту етілді. Орталықта 2 ҰОС ардагері, 17 тыл еңбеккерлері бар.Ұлы Отан соғыс ардагері Олег Иванович "Журавли"әнін орындап берді. Ұлы Жеңіс күніне 71 күн қалғаны да ескеріліп, іс-шара "День Победы" әніменен өз мәресіне жетті.