2016 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11-де кино залында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара қонақтары: «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау» ММ-нің басқарма басшысының орынбасары – Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы, Қазақстан Республикасы Парламентінің «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Бірлік» ПБҰ-ның төрайымы -  Сұлтанқұлова Жазира Қайратқызы, «Астана» Халықаралық әуежай» АҚ-ның кәсіби комитетінің  төрайымы  - Шамкенова Гүлжан Дүсенбіқызы және Астана қаласының «Нұр Орда» мектеп-лицейі.

 

Ресми шарада мекеме директоры Бәпішев Кенжеболат Сапарұлы барлық қауымды құттықтап, «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау» ММ басшысы Е. Оспановтың  атынан ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтуге  орай жақсы еңбектері үшін алғысхаттар табыс етілді. Салтанатты шараны  филармония әртістерінің үлкен мерекелік концерті жалғастырды.