1 ҚАДАМ

Мына мекенжайда орналасқан Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13, «Нұрсая» Т/К,  Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіну.

Өтініштерді қабылдау кестесі және олардың нәтижелерін беру:   9:00-17:00 (13:00-14:00 –үзіліс) жұмыс күндері.

2 ҚАДАМ

Мемлекеттік нысанда бекітілген стандартқа сәйкес медициналық-әлеуметтік мекемеге өтініш толтыру.

3 ҚАДАМ

Мынадай құжаттар пакетін дайындау:

  1. Жеке идентификациондық нөмірі бар қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  2. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген нысанда мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі  (нормативтік актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10589 болып тіркелген,  (қарттар үшін талап етілмейді);
  3. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша медициналық  карта;
  4. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан көшірме  (қарттар үшін талап етілмейді);
  5. Жасы 18 жастан асқан тұлғалар үшін  – тұлғаның әрекетке қабілеттілігі жоқ деп танылғаны туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Зейнеткерлер үшін  – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
  7. Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін, оларға теңестірілгендер – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, оларға теңестірілгендердің мәртебесін растайтын куәліктерінің көшірмесі.

Құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмесі беріледі, содан кейін түпнұсқалары иесіне қайтарылып беріледі.

Барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің алғаны туралы тіркеу датасын көрсетіп түбіртек беріледі, мұнда құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні жазылады.

Арнаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіндер, өз бетінше өзіне қызмет көрсете алмайтын 1,2 топтағы мүгедектерге арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар  әлеуметтік қызметкердің көмегімен ресімделеді.

4 ҚАДАМ

Медициналық-әлеуметтік мекемеге құжаттары ресімделіп қабылданғаны немесе дәлелді себептермен бас тартқаны туралы құжаттар тапсырғаннан кейін 17 жұмыс күні ішінде ескертуді алу.

Бас тартудың негіздемесі болып көрсетілген құжаттардың дұрыс болмағаны ғана есептеледі.