Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ» МКҚК-ға бюджеттік және ақылы негізінде қарттар мен 1,2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (уәкілетті орган) жолдамасы бойынша қабылданады.

Бюджеттік негізге түсетін тұлғалардан Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 178-бабының 5-тармағына, 202-бабының 3-тармағына, 237-бабының 2-тармағына сәйкес зейнетақының 70% ұсталады.

Ай сайын ұсталынған қаражат мекеменің кассалық бақылау шотаны (КБШ) түсіп, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде  жасы келу, қызмет жасаған жылдары, мүгедектік, асыраушыны жоғалтқан жағдайлар бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төлеудің пайдалану ережелеріне» сәйкес қарттар мен мүгедектерге  жұмсақ мұқаммалды (киім-кешек, аяқ киім, төсек-орын), санитарлық гигиена заттарын, дәрі-дірмек пен медициналық қызметтер   сатып алуға жұмсалады.

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат»

әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директордың орынбасары Жұбай Нұрсұлтан Сеилханұлы

телефон: 300-856, 8 778 647 78 78

 

Байкалқызы Алия

Арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі директордың орынбасары

телефон: 301-357, 8 777 308 91 81