Әлімбай Сатыбалдиев

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

 

"Мен Сатыбалдиев Әлімбай 1950 жылы туылғанмын, зейнеттемін. Мен 2015 жылдың 1 маусым айынан бастап тұрып жатырмын. Мен разымын, себебі мұнда барлық жағдай жасалған. Бөлме жылы, ыстық, суық  су бар. Тоңазытқыш, теледидар бар."

Осындай қарттарға жағдай жасап отырған Ел басымызға Н.Ә Назарбаевқа, басшымыз Бапишев Кенжеболат Сапарұлына және оның көмекшелеріне мың алғысымды айтамын. Біздің жақсы көңілде жүргеніміз басшыларымыздың еңбегі деп білемін."

 

 

 

 

Әбуов  Құрбанәлі  Сағымбайұлы

ҚЫЗМЕЕТ АЛУШУЫ

 

Мен, Әбуов  Құрбанәлі  Сағымбайұлы,  1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келдім.  Осы мекемеге келген себебім: 2006 жылы жарақат алғаннан кейін денсаулық жағдайыма  байланысты осында 2008 жылы  орналастым.

Ал қазір 2016 жылдың  шілде айында отбасын  құруыма байланысты бұл мекемеден кетіп барамын. Мекеменің директоры  Кенжеболат Сапарұлына және ұжым  қызметкерлеріне алғысым шексіз, олардың әрбіреуін  өз  мамандығының нағыз кәсіпқойлары деп есептеймін,  және адамгершілігі мол, мейірімді жандар.

 Еңбектеріңізге мол  табыс, отбасыларыңызға бақыт-береке   тілеймін!