Алғыс айту күнінің қарсаңында "Астана - қайрымды жандар" атты волонтерлер тобы "Құман" мейрамханасында қызмет алушылар үшін "100 ата-апа кеші" атты қайырымдылық кеш ұйымдастырды.  Аталар мен апалар үшін «лимузин» автокөліктерінің қызметі ұсынылды. Әдемі мейрамханада есте сақталып қалатындай өте сәтті кеш болды.  Қызмет алушылар мейрамханадан көтеріңкі көңілмен қайтты. Олар осындай  керемет кеш ұйымдастырған жігіттерге үлкен ризашылығын білдірді.