Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ» КММ-ның тұрғыны Исенова Марфуга 102 жасқа толғанын атап өтті.

 

Тұрғындар мен мекеме қызметкерлері Марфуга әжей-деп еркелететін кейуана 1914 жылы Қостанай облысы, Бестөбе ауылында дүниеге келген.  Оның туған кезі елдегі Ақпанның төңкерісіне пара-пар келді. Сол кездегі ауыр жағдайға байланысты Марфуга әжейдің  оқуға мүмкіндігі болған жоқ.  Кейін Марфуганың әке-шешесі Челябі қаласына көшіп кетеді, сол кезден бастап оның қиын еңбек жолы басталған. Ұлы Отан соғысы басталысымен ол тылда ерен еңбек етті.  Ол тағдырына жазылған барлық қиындықтарды абыроймен бастан кешті.  Барлық туған-туысқандарынан айырылып, кейін ол Қазақстанға қайтып Теміртау қаласында тұрды.  Осы жерде тұрмысқа шығып,  екі баланың бір ұл, бір қыз анасы болды.

 

2009 жылы Исенова Марфуга «МӘМ» КММ-ға келіп түсті.

 

Бүгінгі күні   Марфуганың хал-жағдайы өте жақсы, ол өмірге деген құштарлығы мен зор денсаулығымен барлық тұрғындарды таңқалдырады.

 

Марфуга әже – ер жүрек, өмірге деген  ризашылық пен қызығушылықпен қарайтын бірегей адам.  Өмірдің  ұзақ жылдар бойы қиыншылықтарын бастан кешіп, өмірге деген махаббатынан айырылмаған Марфуга әже өз мінезінің қайсарлығымен, даналығымен, шыдамдылығымен  бір үшін үлгі болатындай.