2018 жыл 25 мамыр күні қызмет алушыларға арнап кинозалда еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, президент оркесторының әншісі және композиторы Ахмедьяр Есмухановжәне «Есілағады» тобы өнерлерін көрсетті. Қайырымдылық концертінде қазақ және орыс тілінде соғыс жылдарының танымал әндері орындалды. Қызмет алушылар аты әйгілі «Атамекен», «День Победы», «Темная ночь», «Прощание славянки», «Офицерские жены» және басқа да сүйікті композицияларды тамашалады. Ардагерлер мен қарттарымыз көңіл – күйлерін жасыра алмай әлсін-әлсін көз жастарын сүртіп отырды.

Тындармандар ерекше әсер алып, жағымды көңіл-күйге ие болды. Қарт аталарымыз бен аналарымызды таң қалдырып, әннің әуенімен қосылып, жандары әлі де жас екенін білдірумен болды. Риза болған тұрғындарымыз концертті көпке дейін еске алып жүретіндеріне сеніміміз мол. Мұндай жандары жайсаң жандардың болғандары қандай жақсы!!!