Қазақстан тұрғындарын сандық сауаттандыру бағдарламасы шегінде «Шарапат» ӘҚКО кітапханасында базалық құзырет бойынша курстар ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама бойынша Орталығымыздың 150 қызметкері мен қызмет алушылары білім алды. Бағдарлама тақырыптары:

1. базалық цифрлық дағдылар бойынша. Онда жеке компьютер мен ноутбукпен, мобилді құрылғылармен, Интернет жүйесімен сенімді қолдануға, ақпараттарды қауіпсіз сақтауға үйрететті;

2. электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша;

3. ашық үкімет бойынша.

4. электрондық сауда бойынша (сатып алу дағдылары,сату және тауарларды өткізу онлайнқызметтері).