2018 жыл маусымның 13 Орталық қызметкерлеріне арнап «Менингит пен туберкулездың алдын алу» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Спикер болып медицина бөлімінің меңгерушісі Б.Б.Мусаханов сөз сөйледі. Менингит аяқ астынан басталатынын айтты: кенеттен қатты бас ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе, 39-40°С дейін дене қызуы көтеріліп, қалтырауды байқасаңыз дереу дәрігерге көріну қажет. Дене бозарады. Жалпы дене әлсіреуі, арқа мен қол, аяқта ауру сезіледі. Ауруға шалдыққан адамды шөл қысып, тәбеті қашады.

Ал туберкулёз болса Қазақстандағы күрделі әлеуметтік-экономикалық және медициналық-биологиялық проблема болып қала береді. Ол дамып келе жатқан мемлекеттерде ғана емес, сондай-ақ жоғары дамыған мемлекеттерде де туберкулез дертінің кең таралғанына байланысты.

Туберкулездің алғашқы белгілері білінген кезден ақ, өз бетінше емделмей, медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну қажет