2018 жылдың 15 маусымда Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО» орталықтың қызмет алушылары ұйымдастырылған сапармен Рыскелді қажы атындағы «Алланың гүлі» мешітіне барып келді.

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында қасиетті жұма күні айт мерекесіне тұспа - тұс келді. Бұл күні  жұма намазынан кейін бас иман орталықтың қызмет алушыларға «Алла гүлі» мешітінің іші-сыртын таныстырды. Күннен қуат алатын қондырғыларын, кең ауласын қарттарымызға көрсетті.

Айт мерекесінің тағылымдық маңызы жайлы танымдық насихат айтты. Ораза айтының мән-маңызын түсіндірді, бабалар рухына Құран бағыштады.

«Қасиетті Рамазан» айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мерекесі. Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.  30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекітті. Ауызашарлар мен қайырымдылық іс-шаралар өтті. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген көптеген азаматтар жақсылыққа үлес қосып, сауабы мол амалдарға атсалысты. Осындай жомарт жандардың баршасына «Алла разы болсын», - деді имам.

Сапарымыз өте көңілді өтіп, қызмет алушылар жағымды көңіл-күйге бөленіп келді.

 Мешіт қасиетті жұма күні ашылып отыр. Оразаға да аз уақыт қалды... - Иә, мешіт жұма күні әрі Ораза айының қарсаңында ашылып отыр. Ораза бойы тарауық намаз оқылады. Халық күнімен, түнімен құлшылық жасайды. Қадыр түні мыңдаған адам құлшылық жасай алады. Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттерді қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі. Мешіттен аттап өтуге ешкімнің жүрегі дауаламайтыны да сондықтан. Алланың қаһарынан қорыққан жан құлшылық жолында жүрмесе де, дүниеден қайтқан аруақтардың рухтарына құран бағыштап, садақасын салып, басына саулық, отбасына амандық, ел-жұртына тыныштық тілейді, шын жүрегімен езіліп, шүкірлік айтады.  Олай болса, мешіттеріміздің мұсылман жамағатқа толуы еліміздің мерейін, берекесін арттырар амалдардан болып табылатынын ескере жүргеніміз абзал. Ауданымызда ислам діні өркендеп игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келе жатқаны көңіл қуантады.