2018 жылдың 3 шілде күні қызмет алушыларға Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай «Әнім сенсің –Астана» атты әдеби кеш өтті. Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО» КММ кітапханасында кітапханашы М.Р. Дуйсекеева әдеби сағатын өткізді.

Кітапханашы Астананың тарихы мен сәулетін таныстыру мақсатында викториналық сұрақтар қойды. Астананың әсем ғимараттарының фото сурет және кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Кешке қатысқан қызмет алушылар Астана туралы өлең шумақтарын оқып, әндер шырқады.

Қонағымыз ақын әрі әуесқой композитор Аманбай Өтебаев өзінің жазған өлеңін оқып, домбырамен ән шырқады. Және де мекемеміздің музыканты Т.Кереев баянның ырғағымен ән айтты. Мерекеге қатысушыларға жағымды көніл күй сыйлады.