Астана қаласының 20-жылдық мерей тойына байланысты, 2018 жыл шілденің 11«Шарапат» ӘҚК орталығының қызмет алушылары Малотимофеевка ауылының «АӘҚ көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары арасында шахматтан, дойбыдан, тоғыз құмалақтан, үстел теннисінен және бильядртан жолдастық кездесулер өтті. Жалпы кездесуге 18 спортшы қатысты.

Қатысушылар өз күштерін сынап көрді. Жалпы ойны достық көңіл-күйде өтті. Бәсекелестікке қарамастан қарсылас ойыншылар бір-бірімен тактика мен стратегияларымен бөлісіп, әр түрлі комбинацияны талқылап, екі жақтын осал жақтарын білуге тырысты. Турнир уақыты, көзді ашып жұмғанша, өте шықты.Ойын өте қызықты өтіп, қатысушыларға ұнағаны соншалықты, екі жақтын қызмет алушылары тағы кездесуге уәделесті.

Жеңімтаздар құнды сыйлықтармен марапатталды. Арбаға таңылған қатысушылар да арнайы сыйлықтарға ие болды: үстел теннисінен - Гашенко Раиса Ивановна, Пипия Манугар Заурович; бильярдтан- Андреев Юрий Иванович, Баймагамбетов Нуржан; дойбыдан – Жубатканова Алия. Ойыннан кейін қатысушыларға кішігірім үстел жайылып, концерт ұыймдастырылды. Концертте барлық қатысушылар өздері ән шырқап би де билеп алды.