"Шарапат" ӘҚК орталығында қызмет алушылармен күн сайын  стационар түрінде тұруға бейімделу бағытында әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізіледі.

         Өмір қалыпының өзгеруі әр адам үшін стресс екені белгілі. Таныс емес  адамдар, тансық тұрмыс, әлеуметтік статустың өзгеруі, күтпеген  жағдайлар бұлардың бәрі қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды жаңашылықтарға, олармен болып жатқан өзгерістерге бейімделуге көмектеседі. Мұның бәрі психологиялық әлсіздікке, әр түрлі стресстар мен проблемаларға төтеп беруге шаманың келмеуіне әкеп соғады.

         Сол себепті, тұрғындарды моральді- психологиялық қолайлы жағдайға жеткізу мен тынышсыздық пен депрессияға қарсы тұру үшін  психолог М.Ж.Аргумбаева әңгімелесу, қолдау және мотивация мен белсенділікті арттыру жұмыстарын жүргізеді. Қызмет алушылар арасында жеке қарым-қатынас жағдайлары мен  зиянды әдеттермен күресу үшін коррекциялық және алдын алу жұмыстары жұргізіледі. "Жеке қарым-қатынас", "Конфликттер", "Біздің өмірімізге әсер ететін сөздер", " Есте сақтау қабілетін қалай жаттықтыру керек", "Денім сау болғанын қалаймын" атты қарым-қатынас пен араласу клубтары жұмыс істеп, тренингтер өткізіледі.