2018 жыл 29 тамыз күні «Конституция Күніне» арналған салтанатты шара өтті. Мерекеге «Шарапат»ӘҚК Орталығының директоры  Бапишев Кенжеболат Сапарович, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасының әлеуметік мекемелер мен арнайы әлеуметтік мекемелердің жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Скуб Илья Васильевич  және Орталағымыздың қызмет алушылары қатысты.

Салтанатты іс шара ҚР әнұранынмен басталып, кейін  «Шарапат»ӘҚК Орталығының директоры  Бапишев Кенжеболат Сапарович қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады.

  - Конституция – ол біздің сеніміміз бен күшіміздің негізгі арқауы болып табылады. Еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени және спорттық жетістіктеріміздің бәріне Конституциямыздың  арқасында қол жеткіздік. Және бұл жетістіктеріміздің бәріне Ел басымыздың дана да, көрегендік саясатының нәтижесі. Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -  «Конституция — ол Қазақстанның гүлденуі мен дамуының негізі» екендігін тілге тиек еткен -  деді директор Бапишев К.С.

Салтанатты шара кең ауқымды мерекелік концертпен жалғасты. Концертке:  «Надежда» вокалды тобы, «Еркеназ» тобы, "Мажор" вокалды студиясының солисттері және қызмет алушыларымыз қатысты.