Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында  оны – Жастар  жылы деп жариялаған болатын. Сол бағдармен әлеуметтік-экономикалық жұмысты, яки мекемедегі жастар үлесі бар болғандықтан, ұйымдастыруды жөн санадық. Соның көрінісі ретінде  «Шарапат» жастарының өз уақыттарын  тиімді әрі жемісті ұйымдастырылуы. Ол дегеніміз – «Шарапат» ӘҚКО» директоры – Баймағамбетова Р.Ж. қолдауымен және мекеме достары әрі әріптестерінің көмегімен ұйымдастырылып отқан «Түрлі-түсті баспа студиясы» болып саналады. Мұндағы жастар уақытының тиімді пайдаланылуымен қатар, жаңа өнермен танысуына мүмкіндіктің туындауы. Студияда төмендегідей біраз қызметтерді ұсынып отыр:

-              әр-түрлі қағаздарға түрлі-түсті баспа жасау;

-              қағаз бен құжаттарды ламинаттау;

-              әр-түрлі қалыңдықта қағаздарды түптеу;

-              футболкаға, саптыаяққа, кепешке, үлкен және кіші көлемдегі тәрелкеге сублимациялық жолмен басу.

   Жоба арқылы мекемеміздің тұрғындары мен қызметкерлеріне осындай қызметтерді ұсына отырып, мекеме жастарын еңбекке шақырып, баулып отырмыз. Жастардың белсенділеріне Кабдуллин Арман мен Бекмуратов Мұхитты атап өткен жөн. Жастарымыз бұл саланы белсене зерттеп, жетік меңгеруге ынталы.