Әлеуметтік жұмыс-бұл халыққа және ерекше көмек қажет ететін адамдарға қамқорлық жасай білу. Бұған қоса әлеуметтік сала қызметкерлері сан алуан көмек көрсетеді. Бұл нағыз жүрегі ашық алға ұмтылыс жасайтын , абзал жандар.Осы мерекеге орай Орталығымызда қызметкерлерімізге арналған "Прекрасен Ваш труд!" атты мерекелік концерті өтті. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ  басшысының орынбасары, Скуб Илья Васильевич барлық әлеуметтік салада қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар  Орталық директоры Рысты Жағапарқызы да барлық қызметкерлерге құттықтау лебізін білдіріп, қызметкерлерді өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік концерт өте жоғарғы деңгейде өтті. Барлық қызметкерлер мен қонақтардың  көңіл күйлері көтеріңкі болды. Мерекелік іс –шараны ұйымдастыру  барысында барлық санитарлық нормалар қатаң сақталды.