Алғыс айту күнінде қызмет алушылар алдында музыкалық көркем жетекші Валерий  Юрьевич Шевчук жеке концерт берді. Әлемдік классика туындылары, сондай-ақ әлем халықтарының әндері мен әуендері шырқалды. Концерт қазақ эстрадасының хиттері енген әндер мен билермен аяқталды. Қызмет алушылар әр композицияны қуана қабылдады және көктемнің алғашқы күнінде көптеген жағымды эмоциялар алды.