«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сол жағалауда бой көтерген су жаңа ғимаратында «Күн сәулесі түспеген» атты қойылымын тамашалады.

Қазіргі қоғамда шынайы еңбек пен маңдай тердің арқасында биік белестерге қол жеткізу мүмкіндігі екіталай. Жағалы ағасының қамқорлығын пайдаланудан бас тартқан Марио өз мүмкіншіліктерін саңлауы жоқ жертөледе дәлелдемек болады. Шындықты меңзеп, бір жертөленің кішкентай терезесінен сығалаған дұрыс па, әлде талайдың жолын кесіп, аяғынан шалып иеленген кең, жарық, ыңғайлы кеңседе отырған дұрыс па? Оған қоса жауапсыз махаббатқа тап болған Марионың тағдыры көрерменді бй-жай қалдырмады. Бір адамның басынан өтетін шым-шытырық жеңіс пен жеңілісті қызмет алушыларымыз қойылымнан тамашалап, өте керемет әсер алды.

@kazteatre.kz