Ағартушының өмір жолы, қызметі туралы видео көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылды. Қызмет алушыларымыз өздерінің жан-жақты білімді екендерін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетті. Ақынның білімге шақырған өлеңдерін қызмет алушыларымыз нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Әдеби кеш әуелеген әнмен жалғасып, көрерменнің көңілінен шықты.