Қазан айы атаулы күндер мен мерекелерге толы ай. Сондай керемет мерекелердің бірі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Елорда төрінен орын тепкен «Nomad sity holl» концерт залында дәл осы жүрегі мейірімділікке толы, қамқор жандарды марапаттау кеші өтті. Кеш барысында әлеуметтік саланың үздіктеріне қала әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының, Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау басқарма басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді. «Шарапат» орталығының бірқатар қызметкерлері марапатталып, мекеме «Ең үздік әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» деп танылды. Мерекелік жиын эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.