Сәрсенбінің сәтті күнінде «Шарапатта»  «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі қонақта болды.  Орталықтың белсенді мүшелері Раушанбеков Дастан Бауыржанұлы және Абуов Құрбанәлі Сағымбайұлы шеберлік сағатын өткізіп, мүгедектер арбасын қалай қолдану керектігі жөнінде, бұзылған, жарамсыз болған жағдайда не істеу керектігі туралы айтылды. «Дос» бірлестігінің құрамында «Инва СТО»  шеберханасы жұмыс жасайды, олар ортопедиялық арбалардан бастап, көрпе, жастыққа дейін шығарумен айналысады.

«Дос» бірлестігімен кездесу «Дос-Арт» мәдени-демалыс клубының мерекелік концертіне жалғасты. Сұлу да сымбатты, қайсар мінезді Мурадова Айкүміс әуелетіп ән шырқап, Коканова Асыл халық әнімен сусындатты, Мұхтарова Маликаның, «ҚұрдаStar» дуэтінің әсем әндері орталық қызмет алушыларының көңілінен шықты. Ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.