2024ж. 23 наурызда Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда Валентина Толмачеваның ұйымдастыруымен "Супер әже " сайысы болып өтті. Сайысқа қатысушылар арасында Астана қаласы " Шарапат "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" үйде қызмет алушы 1954 ж. Дощанова Роза Ерденқызы болды. Қатысушылар өз өнерлерін, шығармашылық шеберлік және сән үлгісін көрсетті.Роза Ерденқызы орталықтың "Ностальгия " ансамблінін белсенді мүшесі. Роза Ерденқызы осы сайыста "Ең білімпаз әже" номинациясын жеңіп алып 50мың тг. сертификат сыйлығын иеленді. 
Сайыс Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған.