ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

 

Мен, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшыларына және осы орталықтың ұжымына шын жүректен алғыс айтқым келеді.Орталықта өте жайлы: дәмді тағам, уақытылы көрсетілетін медициналық көмек және көптеген қызықты  мерекелік концерттер өткізіліп тұрады. Мен мұнда мейірімді және жарқын адамдардың ортасында тұрғаныма қуаныштымын!

 

 

 

Искакова Айғаныс

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

 

12 қаңтар 1938 жылы туған, 2011жылдан бастап орталықта тұрамын. Осы орталық маған екінші үй болды. Таза, жайлы және жарық, заманауи жөндеу бөлмелер мен дәліздердің жабдықталғаны ұнайды. Мұнда қажеттін бәрі бар - тұтқалар, лифттер, пандус. Орталықтың айналасы әдемі абаттандырылған, рахаттана серуендейміз. Қызметкерлерге ерекше алғыс білдіремін!

 

 

 

Бабиев Бурабай Насырович

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

 

 Мен Бабиев Бурабай Насырович Осы Орталықта көп жылдан бері тұрамын. Осы мекеменің басшыларына, әкімшілігіне, қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді. Осы карантин індет кезінде бізге бар қолдауларын көрсетіп отыр. Бөлмелеріміз жылы, тамағымыз тоқ,барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етіп отыр. Өз атымнан алғысымды білдіргім келеді.

 

 

 

 

 

 

Әлімбай Сатыбалдиев

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

 

"Мен Сатыбалдиев Әлімбай 1950 жылы туылғанмын, зейнеттемін. Мен 2015 жылдың 1 маусым айынан бастап тұрып жатырмын. Мен разымын, себебі мұнда барлық жағдай жасалған. Бөлме жылы, ыстық, суық  су бар. Тоңазытқыш, теледидар бар."

Осындай қарттарға жағдай жасап отырған Ел басымызға Н.Ә Назарбаевқа, басшымыз Бапишев Кенжеболат Сапарұлына және оның көмекшелеріне мың алғысымды айтамын. Біздің жақсы көңілде жүргеніміз басшыларымыздың еңбегі деп білемін."

 

 

 

 

Әбуов  Құрбанәлі  Сағымбайұлы

ҚЫЗМЕТ АЛУШУЫ

 

Мен, Әбуов  Құрбанәлі  Сағымбайұлы,  1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келдім.  Осы мекемеге келген себебім: 2006 жылы жарақат алғаннан кейін денсаулық жағдайыма  байланысты осында 2008 жылы  орналастым.

Ал қазір 2016 жылдың  шілде айында отбасын  құруыма байланысты бұл мекемеден кетіп барамын. Мекеменің директоры  Кенжеболат Сапарұлына және ұжым  қызметкерлеріне алғысым шексіз, олардың әрбіреуін  өз  мамандығының нағыз кәсіпқойлары деп есептеймін,  және адамгершілігі мол, мейірімді жандар.

 Еңбектеріңізге мол  табыс, отбасыларыңызға бақыт-береке   тілеймін!