Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ» КММ-ға бюджеттік және ақылы негізінде қарттар мен 1,2 топтағы мүгедектер Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (уәкілетті орган) жолдамасы бойынша қабылданады.
Бюджеттік негізінде түскен тұлғалардан «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 21 бабы, 2-1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік, асыраушысын жоғалтқан жағдай және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңының 6 бабы, 1-1 тармағына сәйкес олардың зейнетақыларынан 70% ұсталады. Тиісінше, зейнеткерлер 40 441 теңге көлемінде, ал мүгедектер 33 975 теңге көлемінде минималды зейнетақы алады.
Ай сайын ұсталынған қаражат мекеменің кассалық бақылау шотаны (КБШ) түсіп, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде жасы келу, қызмет жасаған жылдары, мүгедектік, асыраушыны жоғалтқан жағдайлар бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төлеудің пайдалану ережелеріне» сәйкес қарттар мен мүгедектерге жұмсақ мұқаммалды (киім-кешек, аяқ киім, төсек-орын), санитарлық гигиена заттарын, дәрі-дірмек пен медициналық қызметтер сатып алуға жұмсалады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат»
әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
директордың орынбасары
Сейітова Ардақ Бейсенбайқызы
телефон: 300-856, 8 775 381 86 45
Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы
Арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі директордың орынбасары
телефон: 57-21-49, 8 702 183 54 15
Байкалқызы Алия
Стационар жағдайында әлеуметтік қызметкер бөлімі басшысы
телефон: 8 777 308 91 81