Егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың Еңбек терапиясы бағдарламасы басты назарда.
Еңбек терапиясы - бұл адамдарды емдеуге және еңбекке деген дағдыларын қалпына келтіруге бағытталған кешендік әлеуметтік оңалту компоненті болып табылады.
Бұл терапияның басты мақсаты–егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың төмендеп бара жатқан жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және ынталандыру болып саналады. Стационар жағдайындағы стандартқа сәйкес еңбектің мұндай түрлері қызмет алушылардың тұлғалық және әлеуметтік мәртебесінің қалпына келуіне көмектеседі. Қызмет алушылар олардың денсаулығы мен өз ынтасына байланысты өмір тіршілігінің әртүрлі салаларына тартылады.
Емдеу-еңбектік жұмыс жүргізу – арнайы ұйымдастырылған, шеберханаларда жүзеге асырылады – аяқ-киім жөндеу, тігіншілер, арба жөндеу бойынша шеберханалар. Сонымен қатар, қызмет алушылар асхана, кітапхана, жылыжай, аумақты тазалау жұмыстарына және қалалық ауруханаларда жатқан науқастарға барып, олардың халін біледі.
Оңалту және еңбек дағдыларын қалпына келтіру жолдарының бірі - бұл «Шебер қолдар» және «Халық өнері» атты үйірмелерге қатысып, өздерінің мүмкіндіктерін көрсету. Бұл үйірмелерде қызмет алушылар қол өнерімен шұғылданады және барлық ынтасын салып тоқиды, кестелейді, тігін тігіп жоғалтып алған еңбек дағдыларын қалпына келтіреді. Олардың қолымен жасалған картиналар мен қол өнерлерінің туындылары біздің орталықтың холдары мен бөлмелерінің тамаша көрінісі болып табылады.
Қызмет алушылардың қолмен жасаған жұмыстары түрлі конкурстар мен көрмелерде жоғары бағаға ие болған.