Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер дегеніміз бұл:
- Қызмет алушыларды 1/2 орынды бөлмелерде орналастыру;
- Күту бойынша іс-шаралар тәулігіне 24 сағат жүргізіледі – қозғалу кезінде, киіндіру, тамақтандыру, серуендеу кезіндегі персоналдың ұдайы көмек көрсетуі;
- 5 рет теңдестірілген тамақтандыру;
- Толық гигиеналық қызмет көрсетумен қамту; күн сайынғы душ, іш киім мен төсек жабдықтарын ауыстыру, шашты қию, дене күтімі;
- Бөлмелердің күн сайынғы ылғалды уборкасы, ауаны зарарсыздандыру;
- Көгалдандырылған аумақта күн сайын таза ауада серуендеу;
- Тұрмыстық дағдыларға бейімдеу – өзіне қызмет көрсету, қарым-қатынас құру, өмірді дұрыс қабылдау және өзіне күтім жасау.
Әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларға бейімдеу – бұл қызмет алушыларға жайлы тұрмыс, демалыс және бос уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдайлар жасау.
Барлық қажетті жиһазы мен тұрмыстық электр техникасы бар жайлы бөлмелердің арқасында қызмет алушылар өздерін «өз үйінде» сияқты сезінеді. Әр бөлмеде әжетхана, душ, теледидар, тоңазытқыштар және тұрмыста қажетті барлық ұсақ-түйектер бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша техникалық құралдармен жабдықталған бір орынды және екі орынды бөлмелер қол жетімді. Ағзасында тірек-қозғалыс жүйесінің қызметі бұзылған қызмет алушыларға лифт пен пандустар қарастырылған.