«НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ШАРАПАТ»
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ»
Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.
Қызмет алушылардың жасы мен дене ерекшеліктерін есепке алатын арнайы тренажерлары бар емдеу-дене шынықтыру кабинеті.
Бассейндегі жаттығулар жүзу жөніндегі нұсқаушының бақылауымен жүргізіледі. Мұнда хауыз, душ, демалыс бөлмелері орналасқан.
Иппотерапия –«ат үстінде жүру» мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік-психологиялық қалпына келу мен демалудың бірегей әдісі.
Болған жарақаттар мен сынықтар, инсульт, инфаркт, өкпе қабынуы және басқа да аурулардан кейінгі оңалту процесінде физиотерапияның рөлі маңызды. Физиотерапияда элетр терапиясы, сылау, гидросылау ваннасы, "Чижевский" аспалы шамы және парафинмен емдеу пайдаланылады.
Түрлі ынталандырудың үйлесімі (музыка, түстер, тактильді сезімдер) адамның психикасын тыныштандыратын, сергітетін, ынталандыратын, қалпына келтіретін әсер етеді. Өйткені сенсорлық бөлме адамды тынықтырып қоймай, орта жүйке жүйесінің түрлі қызметтерін белсеңдетуге мүмкіндік береді, қорқыныш пен үрейден арылтады.
Әдетте біз тағатымыз таусылып кез келген мерекелерді күтудеміз. Мейрамда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, көңіл-күйлерін көтереді. Сол үшін біздің 250 адамға арналған кино залымыз бар. Бұл кино залында кез келген сүйікті фильді көруге арналған сандық кинопроектор бар. Сонымен қатар мұнда мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
Кітапхана – бұл адамзат даналығының қоймасы, өте тыныш, адамның сүйікті ақын-жазушыларымен қауышып, өздерінің соларға деген сүйіспеншілігін білдіруге лайықты және жайлы орын болып табылады.
Спорттық іс-шаралар залында қызмет алушылардың арасында шахмат, шашка, "тоғыз құмалақ", үстел теннисі, бильярд бойынша жарыстар мен турнирлер өткізіледі.
Құм терапиясы - бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың психологиялық демалуыдың қалпына келуінің бірегей әдісі.
© 2016. «Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме