Әлеуметтік-мәдени іс-шаралар қызмет алушыларды мекеменің қоғамдық өміріне қатыстыру мақсатында жүргізіледі, бұл олардың әлеуметтік және коммуникациялық қарым-қатынастарын жақсартады, рухани және әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандырып, жалпы танымдық ой-өрісін кеңейтіп, олардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Қызмет алушылар арасында салауатты өмір салты кеңінен насихатталады. Бұның бәрі жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға өз әсерін тигізеді.
Бірлесіп өткізілетін іс-шаралар өзара қарым-қатынаста бірлік, ынтымақ, сыйластық пен бір-біріне деген сенімділік пен сүйіспеншілігін арттырады.
Әр ұлт өкілдерінен тұратын және әр жастағы «Надежда» вокал тобы үлкен ынта салып ән айтумен қатар түрлі әдеби кештердің, қалалық іс-шараларының белсенді қатысушылары.
Қызмет алушылардың арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, сонымен қатар мұражайға, театрға, көрмеге барып, Астана қаласының көрікті орындарына экскурсия жасалып тұрады. Жазғы уақытта табиғатқа шығып шашка, шахмат, тоғыз құмалақ, бильярд, үстел теннисі ойындары ұйымдастырылады. Біздің спортшыларымыз - олар Параолимпиялық ойындарының чемпиондары, сонымен қатар республикалық, облыстық және қалалық турнирлерге қатысып, чемпион атағына ие болғандар. Қызмет алушылардың арасында арбадағы спорттық бал билерінің чемпиондары да бар.