Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мынадай медициналық және дәрігерлік көмек көрсетіледі:

1) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

2) Мынадай бағыттардағы кеңес-диагностикалық медициналық көмек көрсету:

• Тіс емдеу және ортопедия

• Тамақ, құлақ, мұрын дәрігері

• Көз дәрігері

• Невропатолог дәрігері

• Хирург дәрігері

• УДЗ-диагностика

• физиотерапия.

Әр қызмет алушы келген кезде дәрігердің қарауынан өтеді. Міндетті медициналық тіркеумен қатар амбулаторлық картасы толтырылып, түскен адамның, оның жеке заттарының санитарлық зарарсыздандырылуы жүргізіледі. Әр түскен адамның 14 күн ішінде мамандар жеке жұмыс жоспарын жасайды. Психологтің басшылық жасауымен бейімделу шараларды жүргізіледі.

2011 жылдан бастап күрделі күтім жасау бөлімшесі құрылған, мұнда тәулік бойы ауыр халдегі науқастарға күтім жасалып, оларға қажетті медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімшенің басты мақсаты –қызмет алушылар өмірінің сапасын қалпында ұстаумен, олардың басқа да мәселелерін шешуде көмек беру. Бөлімше жанында дағдарыс палатасы жұмыс істейді, мұнда қызмет алушылардың денсаулық жағдайы күрт өзгергенде орналастырады.

Медициналық оңалту дегеніміз – бұл сақтануға, адам ағзасының қызметі бұзылған жағдайда жартылай немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені. Біздің орталықта мүгедектердің оңалтуы жеке оңалту бағдарламасы бойынша (ЖОБ) жүргізіледі және мұнда әр адам ағзасының ерекшеліктері есепке алынады.

Медициналық оңалту түрлерінің бірі медициналық-техникалық көмек болып табылады: арбамен, жүру арбасымен, таяқпен, аяқ-қолдарға арналған протездер, тифло- және сурдоқұралдарымен қамтамасыз ету.

Әр клиентке өзінің денсаулығына байланысты маман-дәрігерлерге жүгінуге болады (терапевт, көз дәрігері, хирург, ЛОР, невропатолог, физиотерапевт, УДЗ дәрігері, психотерапевт). Диагностикалық және биохимиялық зерттеулер, әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шаралары, соның ішінде дәрі-дәрмексіз терапиясы жүргізіледі. Мұны іске асыру үшін жабдықталған кабинеттер бар:

а) Физиотерапия

  • электр тоғымен емдеу (УКС), Бернар тоқтары, электрофорез, ультрадыбыс, ультратон);
  • жарықпен емдеу (биотрон);
  • жылумен емдеу (парафин, УВЧ);
  • ингаляторий;
  • сумен емдеу (гидросылау ванналары, Шарко душы);
  • магнитпен емдеу («Алма»аппараты);

б)сылау:

• электр сылауы;

• қолмен сылау

в) емдік-денешынылықтырулық:

• жүгірме жолы;

• велотренажер;

• күш тренажері;

• швед қабырғасы

г) Гидрокинез терапиясы:

• Бассейн