Әлеуметтік-психологиялық қызметтер - бұл:
- Психологтің алғашқы кеңесі;
- Психодиагностика жасау;
- Жаңа жағдайдағы әлеуметтік бейімделу;
- Әңгімелесу, тыңдау, белсенділікке ынталандыру;
- Жеке мәселелері бойынша жеке сабақтар өткізу;
- Мейірбандық пен жылы қарым-қатынас;
- Эмоциялық және психологиялық өмірін қалпына келтіруде көмек көрсету.
Егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар дағдылы өмір жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі стреске душар болуы мүмкін. Осы жаңа жағдайларға бейімделу үшін келгеннен бастап оларға тиісті психологиялық қолдау көрсетіледі.
Психологиялық көмек жеке және топтағы сабақ өткізу түрінде жүзеге асырылады. Жеке сабақтарға әңгімелесу, кеңестер жатады, сабақ барысында олар өмірінің қиын жағдайларын бастан кешіп шешім қабылдауға үйренеді. Топтағы сабақтардың мақсаты – бұл ұжымда қарым-қатынас жасай білу, сенім білдіру ахуалын құру, әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Психологиялық ақыл-кеңестер, жандарын жегідей жейтін мәселелерін шешу жолдарын табу ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалды жасауға көмектесіп, түрлі шиеленіс жағдайларын болдырмауға септігін тигізеді. Психодиагностика және тұлғаның тексеруі нақты психологиялық болжау, жоспар жасауға және орталыққа жаңадан келгендердің сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді.