Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  (бұдан әрі Орталық) – бұл тәжірибесі мол мемлекеттік мекеме, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім бойынша сапалы және кешендік қызмет көрсетуші мемлекеттік мекеме.

Орталықта зейнет жасына жеткен, І және ІІ топтағы мүгедектер мен ұдайы басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж жалғыз басты адамдар тұрады.  Біз мекеме 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, ал  2007 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Көктал-1 тұрғын алабында жаңа ғимарат ашылды.

Мекеме қызметінің басым бағыты – бұл осында тұратын адамдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын үнемі жақсарту және қызмет алушылардың әлеуметтік бейімделуін арттыру. Мұнда қарттар толық немесе жартылай қозғалу және өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылғандардың  тұрақты және уақытша тұруы  үшін 400 орын бар, сондай мұнда қиын жағдайларға тап болған адамдар тұрады.

Орталық стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, және күндізгі бөлімше жұмыс жасайды. 

Орталық қызметінің мақсаты болып стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекет кепіл бергенегде жастағы және мүгедек  азаматтардың құқықтарын іске асыру.

Міндеттері:

  • қарттар мен мүгедектердің оңалуы мен бейімделуін жүзеге асыру;
  • қолданыстағы стандартар мен көлемдерде сай жартылай немесе толық өз өзіне қызмет көрсетуден айырылған және ұдайы басқа адамның күтіміне мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
  • жасы мен  денсаулық  жағдайына қарап, олардың тұлғалық дамуына, қоғамдағы өмірге ықпалдасуына бағытталған тұрмыс жағдайларын жасау.

Арнаулы әлеуметтік көмек олардың бағытына қарай жіктеледі:

  1. әлеуметтік – тұрмыстық қызметтер;
  2. әлеуметтік-медициналық қызметтер;
  3. әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
  4. әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
  5. әлеуметтік-еңбектік қызметтер;
  6. әлеуметтік-мәдени қызметтер;
  7. әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
  8. әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Орталық аумағының көлемі  4,8 гектардан тұрады.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – бұл инфрақұрылымы дамыған кішкентай қала:

  • қазіргі заманға сай 4 тұрғын  блогі;
  • әкімшілік блок;
  • асхана;
  • кір жуатын бөлме;
  • монша, бассейн;
  • діни рәсімдер үйі;
  • жеке қазандық;
  • автогараж.