Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға қажетті құжаттар
(түпнұсқа және көшірме)
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты;
3) мүгедектікті белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі(егде жастағыларға қажет емес);
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі (бұдан әрі – ОЖБ), (егде жастағыларға қажет емес) ;
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін-зейнеткер куәлігінің көшірмесі;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді;
7) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
Өтініш үлгісі Бізде үйде қалай тіркелуге болады (жүктеу)
ХҚКО құжаттарды өткізу үшін:
Мемлекеттік қызметтер атауы: байланыс тел. 55-67-97
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызметі,
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мекемелер( таңдау)
- Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (мемлекеттік мекеме)
Байланыс тел. 30-13-57
Арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі директордың орынбасары Алия Байкалқызы байланыс телефоны: 8777 308 91 81
Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алу үшін құжаттар тізбесі
(түпнұсқалар мен көшірмелер)
1) Қызмет алушының жазбаша өтініші, ал әрекетке қабілетсіз және кәмелетке толмаған адамдар үшін – осы стандартқа 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі-кодекс) сәйкес әрекет ететін заңды өкілдің (ата-анасының біреуі, бала асырап алушы, қорғаншы немесе баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын басқа да адамдар (бұдан әрі-заңды өкіл);
2) ЖСН бар қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектігі бар қарттар үшін);
4) Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі (ОЖБ бар қарттар үшін);
5) Амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзінді көшірмемен осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта.
6) Он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
7) Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін-зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелері.
_________________________________________________________________________
ХҚКО құжаттарды тапсыру үшін:
Мемлекеттік қызметтің атауы: тел. 55-67-97
- "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметі)"