Кеше денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова  Астанадағы қарттар үйіне барып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Игі шараға елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин, республикалық ардагерлег ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және Парламент депутаттары қатысты.

 

- 1945 жылдың 9 мамыры шежіре парақтарына жазылып, тарихқа айналды. Сіздер майдан шебінде ел іргесін қорғап, жауды жендіңіздер. Соғыстан кейін қираған шаурашылықты қайта қалпына келтірдіңіздер. Осылайша патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетіп, тәуелсіз Қазақстанның берік негізін қаладыңыздар. Сол үшін сіздерге мәңгі қарыздармыз. Өскелең, ұрпақ ерліктеріңізді ешқашан ұмытпайды, - деді Тамара Дүйсенова.

 

Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналықөәлеуметтік мекеменің директоры Кенжеболат Бәпішевтің айтуынша, бүгінде мұнда іқң кісі тұрады. Оның 4-еуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, “,16-сы - оларға теңестірілген азаматтар, ал 34-і  - тыл еңбекклерері. Қариялар жыл сайын Жеңіс күнін тойлап, “Ардагер” аллеясына көшет отырғызуды үрдіске айналдырыпты. Бұл жолы да ізгі дәстүр ұмытылмады. Салтанатты жиыннан кейін қонақтар мен жауынгер атаөәжелер ағаш егуге кірісті. Алғашқы шыбықты министр мен Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Линник қадады.

 

Кездесу соңында сарбаздар мен студенттер аспаға Жеңіс шарлалын ұшырды. Ал “Наз” мемлекеттік би театрының әртістері, үрмелі орекстр және №17 мектеп-гимназияның шәкірттерә мерекелік концерт қойды.

 

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ "Астана ақшамы"