Ағымдағы жылдың 16 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері – Алмагүл Ерсінқызы Кенебаеваның және «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің бас маманы – Ғалия Өмірзаққызы Сералиеваның қатысуымен жиын өтті.
Жиынға Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) директорының орынбасарлары мен Орталықтың қызметкерлері қатысты.
Жиынның тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту».
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және олардың одан әрі жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау мәселелері талқыланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.