«МӘМ» КММ-да Халықаралық әйелдер күні үлкен ауқымда атап өтілді.  Бұл күні аяулы аруларға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Ер адамдар әйелдерге арнап әнсыйлап,  өлең оқыды, барлық әйелдер үшін бұл күн есте қалатындай болды.   Назардан тыс ешкім қалмады: бүкіл әйел қауімі: бұл мекеме тұрғындары, қызметкерлері үлкен ризашылықпен осы құттықтауды қабыл алды.

 

Қыз-келіншектердің бәріне   сыйлық берілді – әдемі гүл шоғы бәрін қуанышқа бөледі.  Ер адамдар бұл күні ерекше ілтипат білдірді.

Барлық әйелдерге мекеме директоры Бәпішев Кенжеболат Сапарұлы жылы лебізін білдіріп, оларға зор денсаулық, бақыт-береке, қуаныш пен табыс тіледі.