Біздің Орталықта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  71-жылдығына арналған 06 -10 мамыр аралығында «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты  ресми іс-шаралар өтті. Салтанатты митингте соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызы құттықтады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Лукин А.И., ҚР Ардагерлері Кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев және шақырылған қонақтар да ардагерлерге жылы лебізін білдірді.   Соғыста құрбан болғандардың еске алу рәсімі қарудан 3 рет атыс етіп, үнсіз минутамен еске алынды.

 

Митингте Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері алдында №83205 әскери бөлімінің әскерлері мен армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебі түлектері салтанатты маршпен өтті. Салтанатты жиын көшеттерді отырғызумен аяқталды.

 

БҰЗҚ қызмет алушылар мен келген қонақтарды нағыз солдат ботқасымен тамақтандырды.

 

"Наз" театрының әртістері, ҚР Ішкі істер министрінің үкіметтік мекемелерін күзету жөніндегі департаменті қызметкерлері театры әртістері, Еуразия университетінің студенттері, қызмет алушылар мен мекеме қызметкерлері қатысуымен мерекелік концерттер өтті.

 

Сондай-ақ "24 kz" телеарнасы  Ерлан Көкеевтің жетекшілігімен "К-2"  ансамблін шақырып,  концерт ұйымдастырды. Концертке "Светоч" жеке балалар үйінің әртістері қатысты. "24 kz" телеарнасының өкілдері өз концертін асханада жалғастырды, олардың құрметіне дастархан жайылып, олар қызмет алушылармен бірге ән салып, билеп көңіл көтерді.

 

ҰОС-тағы Жеңістің 71-жылдығына арналып Орталықта соғыс қаһармандарына арнап кітапханада фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жеңіс күні қарсаңында «Ал, жігіттер, қанеки!» атты викторина өтті, мұнда ер адамдардың 4 командасы автоматты шашып жинауда, противогазды киюде, тарих пен спортты білуде  өз шеберлігін көрсетті.

 

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері  медицина академиясының студенттерімен өте жылы ахуалда кездесу өткізді.  Студенттер соғыс туралы өлең оқып, олармен бірге соғыс кезіндегі әндерді шырқады, қызмет алушылар студенттерге соғыс кезіндегі өмірлері туралы баяндап берді.

 

Бүгінгі күні мұнда  304 адам тұрады, олардың ішінде  4 Ұлы Отан соғысының ардагері,  14 адам оларға теңестірілгендер және 34 тыл еңбеккері.