2016 жылғы 25-31 мамыр аралығында Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы өткен «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны  және шахматтан «Данияр» қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.  Осы шараға көптеген қалалардың спортшылары қатысты:  Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Өскемен,  Шымкент, Тараз, Қызылорда,«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынның Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионатының күміс жүлдегері болып біздің мекеменің тұрғыны І топ  мүгедегі Жұбатханова Әлия атанды, 1970 жылы туған, ол дипломмен марапатталды және бағалы сыйлық ретінде спорттық костюм алды.