2016 жылғы 27 мамырда Ұлы Жеңістің 71-жылдығына орай «Әлеумет-көмек» орталығының «Ардагер» аллеясында мекеме қызметкерлері арасында «Спорт-бұл өмір. Бұл-қозғалыс жеңілдігі. Спорт – барша адамның құрметіне ие» девизімен жеңіл атлетикадан жүгіру ұйымдастырылды.

Жүгіруге 6 команда қатысты: «ӘБ» - әкімшілік  блок, «Солнышко» - әлеуметтік  блок, «Қарлығаш» - медициналық  блок, «Фрукты» - ас блогі,  «Барыс»- шаруашылық  блок, «Жұлдыз» - кіші медициналық блок. Мынадай командалар жеңімпаз атанды:  І- орын – «Барыс»,  ІІ- орын – «ӘБ», ІІІ орын  -  «Солнышко».