Бұл күн біздің мекемеде салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды.  Мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған іс-шара өттті. Салтанатты жиынды жүргізгендер: кітапханашы: М. Дүйсекеевамен мемлекеттік тілдің оқытушысы – Г. Төртқарина. Ақпарат берумен қатар мемлекеттік рәміздер туралы слайд көрсетілді.

 

Сол күні сағат 11.00-де кітапханада  қызмет алушыларға арнап «Мақтанышым - елім менің» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер туралы слайд көрсетіліп, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

 

Залда отырғандардың көзінен Отанға деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімдері байқалды.