Жыл сайынғы дәстүрге сай көп жылдардан бері біз маусым айының үшінші жексенбісінде кәсіби мереке - Медицина қызметкерлері күнін атап өтеміз.

 

Осы жылғы  17 маусымда біз осы атаулы мерекеге арналған салтанатты шараны өткіздік.  Біздің елімізде ақ халатты абзал жандарға  осы кәсіби мерекені олардың еңбектеріне, адамдар үшін ең қымбат өмірі мен денсаулығын жақсартуға көмек беретін адамдар деп оларға басымызды иіп, алғысымызды айтамыз.

 

Салтанатты шара барысында Астана қаласының  Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, егде адамдар мен мүгедектерге күтім жасап және мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін мынадай қызметкерлерге алғысхаттар табыс етілді:

 

Мусаханов Болатбек Байзиолданұлына – психиатр дәрігері, Орынбаева Айгуль Ермекбайқызына – эпидемиолог дәрігері,  Касымбаева Сейсенгуль Курбанқызына - медбике,  «Әлеумет-көмек» ӘҚКО тарапынан  Тукунева  Бибигуль Тургунбайқызына  - медбике, еңбек кітапшасына жазумен,  «В» блогінің шаруа бикесі   - Сейтмагамбетова  Алия  Бегалиқызына.

 

Ресми шараның салтанатты кезінен кейін мерекелік концерт болды.  Қатысқандардың бәрі көңілін көтеріп, сергіп қайтты.

 

Құрметті дәрігерлер және барлық медициналық персонал, Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, Сіздерге осындай қиын және жауапты мамандықтың суығы мен ыстығына шыдап, қызмет алушылардың денсаулығына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол табыс және отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз! Ақ халаттарыңыз бен көңілдеріңізге дақ түспесін!