М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы қызмет алушыларға арнап   «Дикарь. Третье слово» атты қойылымын көрсетті.  Театр сахна қойылымына әйгілі испан драматургі Алехандро Касонаның «Дикарь» атты пьессасын таңдаған  (түпнұсқасында  «Третье слово» деп аталады).  Алехандро Касонаның  «Дикарь. Третье слово» спектаклі мәңгілік тақырып - махаббат пен жастыққа арналған.

 

Зал көрермендерге толы болды, спектакль соңында сахна өнерінің шеберлеріне барлығы тұрып, қонақтарды  қол шапалақтарымен шығарып салды.

 

- Спектакль өте тамаша әсер берді! Интернат тұрғыны Галя Борисовна өз пікірін айтты: «Өте әдемі сезімге толы және мағынасы терең әзілмен біздің жүрегімізде із қалдырған қойылым», -деп, актерлерге қамқорлық пен көрсеткен мейірімдері үшін үлкен алғысын айтты.