5 шілде күні Астана күнін атап өтуге орай салтанатты іс-шара өткізілді. Осы шараға құттықтау мақсатымен ДЭПО локомотив хорының ардагерлері мен Индира Расылхан студия-мектебінің тәрбиеленушілері мекемеге келді.
– Біз үшін бұл үлкен қуаныш болды. Мереке өте сәтті өтті. Орындалған әндер, оқылған өлендер – барлығы Астанаға арналған болып шықты, және тыңдармандар да қонақтарды жақсы қарсы алып, зор ризашылығын білдірді. Концерттен қызмет алушылар жағымды әсер алып, мерекелік көтеріңкі көніл-күймен қайтты.
Сондай-ақ қызмет алушылар мен қызметкерлер және қонақтарға арналып «Астана – Отанымның жүрегісің!» атты фотокөрме ұйымдастырылды, мұнда Астана қаласының барлық көрікті жерлері көрсетілді.