2016 жылғы 7 шілдеде мекеменің «Ардагер» аллеясында қызмет алушыларға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастыруымен мерекелік іс шара өткізілді.

 

2016 жылғы 8 шілдеде мекеменің кіші залында «Шалқар»радиосының ұжымы Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, қалалық Жастар ісі басқармасының «25 игі іс» акциясының аясында қарттар мен мүгедектерге қайырымдылқ шарасын өткізді. «Игі істер» «Шалқар» радиосының Бас редакторы, ақын Серік Сейітман, журналис – жазушы Темірхан Момбекұлы-Түркістан, күйшілер Сәрсенғали Жүзбай мен Рүстем Жүніс, айтыскер ақындар Нұрмат Мансұр мен Талант Арынғали,  әнші Толқын Сұлтан, көркем сөз оқу шебері Марал Жұмагелдіқызы сынды әдебиет және мәдениет майталмандары өнер көрсетті.