2016 жылғы 28 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ» КММ-ның конференц-залында Көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент пен Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент бірлесіп «Астана қаласы мүгедектеріне көлік және басқа да қызметті көрсетуді қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ қала мүгедектерінің құқығын қорғау бойынша көкейкесті мәселелері 2016 жылғы 3 наурыз-21 сәуір аралығында дөңгелек үстел шешімдерінің хаттамалық іске асыру барысы туралы» атты дөңгелек үстелінің 3 отырысы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар: ТҚҚ Департаменті және Астана қаласы Көліктегі ТҚҚ басшысының орынбасарлары, ТҚҚ бөлімінің қызметкерлері, ведомствоаралық комиссиясының мүшелері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар, көлік компаниялар (акционерлік қоғамдар) басшылары тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бірлестіктері.
Дөңгелек үстел отырысының барысында мынадай аспектілерге назар аударылды:
1) «Вокзал-Сервис» АҚ, «Қала маңындағы тасымалдау» АҚ, «Жолаушылар тасымалдау» АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «SWICCPORT Kazakhstan» ЖШС қимыл-қозғалысы топтарына сервистік қызмет көрсету қызметтер сапасын жақсарту, ҚР мүгедектерге арналған медициналық, тұрғынжай, мәдени және спорттық сапалы қызмет көрсету;
2) Қалалық көлік, теміржол және әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру.
Көкейкесті мәселелер қаралды:
№46 қалалық автобус бағытының қозғалысына өзгерістер енгізу туралы;
Қозғалысы шектеулі топтарға арналған №8 қалалық бағытты төмен баспалдақпен толық қамтамасыз ету;
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйге тұрған кезектің жылжуы туралы, тізімнің ашық жариялығы туралы;
Халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту, әр адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілік туралы. Өйткені медициналық тексеру, скрининг емдеу-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және ауруларды бастапқы сатысында анықтауға үлкен мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың емделуі мен жазылуын қамтамасыз етеді;
Егде адамдарды медициналық мекемелерге уақытылы жатқызу;
Басқа облыстарда орналасқан санаторияларға емделуге жолдамалар бөлу туралы.
Ешкімге құпия емес, біз үшін қол жетімді нысандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қиындыққа толы бөгет. Осыған орай «МӘМ»-де тұратын І,ІІ топ мүгедектері шақырылды, олар отырысқа белсенді қатысып, өздеріне қатысты сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын енгізді.
Қатысушының әрбір айтылған сөзі слайд көрсетумен толықтырылып отырды.