Көктемнің күн шауағы шығумен әр жастағы және тән ерекшелігіне байланысты әлеуметтік қызмет алушылар үшін «Қайырлы таң» және  «Сергектік» деген екі денсаулық тобы құрылды. Күн  сайын таңертең  бұлшық етті, буынды бекіту, төзімділікті арттыру және қозғалысты реттеу, жүрек-тамыр және тыныс мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсаттарында дене шынықтыру өткіземіз.  Дене шынықтыру жасағаннан кейін әр адам өзінің көңіл-күйін көтеріп, сергіп қалады.