2016 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік ісшара өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Осы атаулы күні «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдері құрметті партия мүшелерін алғыс хаттармен  марапаттады. Сондай-ақ мекеме директоры К. Бәпішев әкімшілік атынан қызмет алушылар мен қызметкерлерді қоғамдағы белсенді өмірлік ұстанымдары және  қоғам мен жұмысқа қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапаттады.